Қазақстан наурызда мұнай көлемін тәулігіне 131 мың баррельге асырды

мұнай көлемі
Фото: :Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан наурыз айында мұнай өндіру бойынша міндеттемелерді артығымен орындады. Қайталама дереккөздерге сәйкес, өткен айда тәулігіне мұнай көлемін 131 мың баррельге асырған. 

Бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты болғанын айта кеткен жөн. Алайда, Қазақстан бірінші тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастырады. 

Сондай-ақ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.

Бұған дейін Қазақстан ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты. 

Соңғы жаңалықтар