«Қазақстан - Назарбаев - Астана» сөздері әлемдік қауымдастықпен Жетістіктің, Дамудың және Үндестіктің жарқын үлгісі ретінде қабылданады - ҚХА құттықтауы
«Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елордасын Астанаға көшіру туралы батыл да ғаламат бастамасы Қазақстан жетістіктерін айқындаған, тарихи маңызға ие тағдырлы шешіміне айналды.
ХХІ ғасырдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің айбынды рәмізі - Астана әлемнің жаңа тарихына халықаралық үнқатысу мен жаңа жемісті идеялардың орталығы ретінде енді. Бүгінде біздің елордамыз Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі, АӨІСШК, G-global, ядролық қарусыз әлем, бейбітшілік пен келісім саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұғымдарымен үндес. Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, әлемдік алпауыт елдер көшбасшыларының сапары, ТМД аумағында алғаш рет ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу т.б. мұның шынайы айғағы.
«Қазақстан - Назарбаев - Астана» сөздері әлемдік қауымдастықпен Жетістіктің, Дамудың және Үндестіктің жарқын үлгісі ретінде қабылданады.
15 жыл ішінде Астана мәдениет пен саясаттың бастамашыл орталығына, Қазақстан халқының рухани өсуінің, бірлігі мен ұйысуының өзегіне айналды. Елбасының ғаламат жобасы әлемге танымал этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің үлгісіне айналған ұлттық ұйысудың өзіндік жолын қалыптастыруға ықпал етті.
Бүгінде Қазақстан әлемге өзінің бірегей «қазақстандық жолын» көрсете отырып, «2050 жылы қуатты мемлекет, дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерінің негізінде берекелі қоғам» құру туралы негізгі мақсатын айқындады.
Еуразия кіндігінде орналасқан қала Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір рөлін атқаруда. Мұнда Шығыс пен Батыс дәстүрлері өзара қауышып, бірін бірі толықтырып жатыр, мәдениеттер мен өркениеттердің шығайы үнқатысуы орын алуды.
Бүгінгі Астана - бұл кемел ойы мен қуатты бастамалары шартарапқа жайылған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арманының ақиқатқа айналуы.
Бұл Президенттің өз елі мен халқының келешегі үшін жасаған тарихи жеңісі! Бұл Президенттің өз халқына деген алғысы мен құрметі!
Біз жас елордамыз - Астананың Бейбітшілік пен Келісімнің белгісі, халықаралық үнқатысу мен толеранттылықтың орталығы ретінде қарыштап дамуына тілектеспіз!
Уақыт біздің өмірімізге тек қуанышын, шаттығын және жеңістерін алып келсін. Баршыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт пен береке тілейміз!
Сүйікті елордамыз Астананың туылған күні құтты болсын!», делінген ҚР ҚХА Кеңесінің құттықтау хабарламасында.