Қазақстан негізінен Қытай, Ресей және Италия елдеріне тауар экспорттайды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда нәтижелерін жариялады.

экспорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ондағы деректерге қарағанда, тауар айналымының өсуі байқалады.

«Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болып табылады. Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды.

Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты», — деп жазды ведомстводан.

Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды.

Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі - 32,1%.

Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.