Қазақстан неврологтарының І съезі басталды
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан неврологтарының І съезі ресми түрде ашылды.
Астана медициналық университетінің ректоры Мәжит Шайдаров атап көрсеткендей, бүгін күндіз шетелдік мамандардың қатысуымен бірнеше шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Ал съезд жұмысының ресми түрде басталуымен неврологияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу жоспарланып отыр. «Съезд жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам делегат, атап айтқанда, невропатологтар, нейрохирургтер, ангиохирургтер, реабилитологтар, сәулелі диагностиканың дәрігерлері, оқытушылар, практик-дәрігерлер қатысуда. Сондай-ақ Түркия, Австрия, Италия, Испания, Дания, Израиль, Ресей және Беларусь елдерінен арнайы шақырылған шетелдік мамандар съезге модераторлық етеді және баяндамалар жасайды», - дейді М.Шайдаров. Съезд жұмысы 25 қазанға дейін жалғасады.