Қазақстан Ниццада орын алған қатыгез зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 14 шілдеде кешкілік Ниццада орын алған, соңғы мәлімет бойынша 84 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланған қатыгез зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды, деп мәлімдеме жасады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан Ниццада орын алған қатыгез зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды - ҚР СІМ

«Құрбан болған адамдар қаланың Ағылшын жағалауында Францияның Ұлттық мерекелік іс-шараларына қатысқан болатын.
Біз қайтыс болғандардың туыстарына, жақындарына және бүкіл француз халқына қайғырып көңіл айтамыз.
Біз терроризмге және экстремизмге қарсы күресте әлемнің барлық мемлекеттерінің ауқымды әрі тиімді ынтымақтастығының қажет екеніне сенімдіміз», делінген мәлімдемеде.