16:18, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстан Нигермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тиісті бірлескен коммюникеге екі елдің сыртқы істер министрлері - Қайрат Әбдірахманов пен Ибрагим Якубу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында қол қойды.
Нигер Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 183-ші мемлекет болды.