Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы жаппай күрес жүргізеді
Оның айтуынша, осы мәселеге қаржы полициясы жаңа жемқорлыққа қарсы стратегиясын жасаған кезде басты назар аударған.
«Қазақстандық компаниялардың өз жұмыстарын жабық түрде жүргізуі алаңдаушылық туғызады. Қазіргі кезде компания бенефициарын анықтаудың өзі мүмкін емес болып барады», - деп атап өтті О.Бектенов. Оның айтуынша, оффшорлық юрисдикциялар компанияларға заңсыз түрде жиналған, тіпті сыбайлас жемқорлық арқылы келген қаражатты заңдастыруға жол ашады. «Осының кесірінен сол арам ақша Қазақстанға шетелдік инвестициялар ретінде келеді. Сондықтан, біздің пікірімізше, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға бюджеттік қаражаттың әрбір тиынына дейін есептілігін күшейтіп, мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қаражаттың көп мөлшерде шетел асып кетуін жою қажет», - деді ол. Сонымен қатар, О.Бектеновтің айтуынша, жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияда ҚР азаматтарының кірісі мен шығысын декларациялау нормасы қарастырылады.