Қазақстан өкілі Дүниежүзілік мүгедектер одағы директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ төрағасы Байболат Әубәкіров Түркияда орналасқан және алты құрлық елдерін біріктіретін Дүниежүзілік мүгедектер одағы директорлар кеңесінің Басқарма мүшесі болып сайланды.

Қазақстан өкілі Дүниежүзілік мүгедектер одағы директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Қазақстандықтың бұл Халықаралық бірлестікті басқарушылар құрамына кіруі біздің еліміздің жоғары мәртебесінен хабар береді және БҰҰ-ның әлемдегі мүгедектер құқықтары жөніндегі конвенциясын іске асыруды бақылауға құқық береді.

Одақ басқармасына 16 елдің өкілдері кіреді. Қазақ соқырлар қоғамы көздің көруі бойынша 1 және 2 топ мүгедектерін - бүкіл ел бойынша 20 000 астам адамды біріктіреді.

Қоғамдық бірлестіктің бүкіл Қазақстан бойынша 16 облыстық филиалы және 28 кәсіпорны бар, онда 2000 адам еңбек етеді. Б.Әубәкіровтің айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуіне, тапсырыстардың азаюына байланысты мәселелерге қарамастан, негізгі өндіріс алаңдары сақталған, және оларды жаңғырту әрі кеңейту жоспарлануда.

«Біздің кәсіпорындарымыз жалпы негіздерде әр түрлі тапсырыстарды жүзеге асыру құқығын алу үшін тендерге қатысады. Соңғы жылдары жағдайымыздың жақсаруы және біздің өсуге жақсы перспективаларымыздың болуы болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді», - деді ол.