Қазақстан өкілі Смольникова Мәскеу марафонында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өкілі Смольникова Мәскеу марафонында жеңіске жетті.

Қазақстан өкілі Смольникова Мәскеу марафонында жеңіске жетті

Қазақстандық желаяқ Ирина Смольникова жексенбі күні Ресей астанасында өткен Мәскеу марафонының жеңімпазы атанды.

Смольникова белгіленген қашықтықты 2 сағат 40 минут 22 секундта еңсерді, екінші орынды ресейлік Оксана Акименкова (2:43.29) еншілесе, үшінші орын Гейнсвиллден Любовь Денисоваға (АҚШ, 2:44.41) бұйырды.

Ерлер арасында кениялық жүйрік Саломон Барнгетуни (2:17.24) жеңімпаз атанды, ресейлік Сергей Зырянов (2:19.37) - екінші, украиндық Сергей Марчук (2:19.48) үшінші орынды қанағат тұтты.

Екінші Мәскеу марафонының ең үлкен қатысушысының жасы - 79-да.