Қазақстан өлім жазасынан бас тартуға қатысты халықаралық талаптардың барлығын орындап келеді - СІМ-нің өкілі
Қазақстан тіпті осы кездің өзінде-ақ өлім жазасынан бас тартқан мемлекет», - деді бүгін Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова «Орталық Азияда өлім жазасына шектеу қою мен оны қолданудан бас тартуға дейін: өтпелі кезеңнің ығыттары» атты тақырыпта өтіп жатқан аумақтық конференция барысында.
«Әлемде көптеген мемлекеттер өлім жазасын қолданудан заң түрінде бас тартты немесе оны мүлдем қолданбайтын болды. Мұндай мемлекеттер саны жыл сайын артып отыр. Айталық жылына 1-3 мемлекет аталмыш жаза түрін қолданудан бас тартады. Қазақстан
да БҰҰ-ның негізгі құқық қорғау конвенциясына қосыла отырып, әділеттіліктің үстемдігін орнату бағытында алға жылжып барады. Бұл қазіргі заманның ажырамас бөлігі», - дейді елші.
Оның сөзіне қарағанда, 2003 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына тыйым салынды. 2004 жылы өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізілді. «2007 жылы Конституцияға жүргізілген реформалардан кейін, өлім жазасы тек көптеген адамдардың өліміне алып келетін террористік әрекеттер мен соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстарға қатысты ғана қолданылатын болды. Бұл дегеніңіз өлім жазасынан іс жүзінде бас тарту дегенді білдіреді», - деді М.Жарбосынова.
Оның айтуынша, 2006 жылы халықаралық ынтымақтастық шараларының аясында Қазақстан өлім жазасынан бас тарту туралы Еуропалық Одақтың мәлімдемесіне қосылды. Яғни, Қазақстан бүгінде өлім жазасынан бас тартуға қатысты халықаралық міндеттемелердің барлығын орындап отыр», - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.