Владислав Яковлев Олимпиада жолдамасы санын 43-ке жеткізді

академиялық ескек есу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарып, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 43 жолдаманы жеңіп алды.

Ұлттық құрама спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды.

Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін спортшыларымыз бір күнде Олимпиадаға тоғыз жолдама жеңіп алып, лицензия санын 42-ге жеткізгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар