Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орында тұр

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 10-ыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында бұрынғыша үш «қола» ғана бар. Жүлдегерлер – дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло. ҚазАқпарат бұл туралы Ойындардың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орында тұр

Осы уақытта Қазақстан медаль сандары бойынша 71-орында тұр.

Бірінші орында – Қытай (алтын – 29, күміс – 17, қола -16). Одан кейін АҚШ (22-25-17) және Жапония (17-6-10) келеді.

Медаль алған ТМД елдері арасында үздік көрсеткіш Ресейде – 5-орын (12-21-17). Беларусь пен Өзбекстан — 47-інші (1-0-1), Украина – 60-ыншы (0-1-5), Түрікменстан – 67-інші (0-1-0), Қазақстан – 71-інші (0-0-3), Әзербайжан – 73-інші (0-0-2), Армения – 75-інші (0-0-1) сатыда келеді. Қырғызстан, Молдова және Тәжікстанда әзірге медальдар жоқ.

2 тамыздағы жағдай бойынша Олимпиада-2020-да ТОП-10 еніп отырған мемлекеттер:

1. Қытай — 29-17-16

2. АҚШ — 22-25-17

3. Жапония — 17-6-10

4. Австралия — 14-4-15

5. Ресей — 12-21-17

6. Ұлыбритания — 11-12-12

7. Франция — 6-10-7

8. Германия — 6-6-11

9. Оңтүстік Корея — 6-4-9

10. Нидерланды — 5-7-6