Қазақстан өндірген күріш ішкі қажеттілікті жабуға толық жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы қазақстандық күріш өсірушілер 486,9 мың тонна аршылмаған (шала) күріш жинады, рефракцияны ескере отырып жалпы көлемі 442,5 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Шала күріштен күріш жармасының шығымдылығы - 50%. Осылайша өңдеуден кейін қоймаларға шамамен 221,2 мың тонна түседі.

Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі - шамамен 165 мың тонна. Бұл өндірілген көлемнен аз.

Осылайша, былтырғы қалдықтар мен жаңа егін Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті екенін сенімді түрде атап өтуге болады.

Сонымен қатар, артық өнім басқа елдерге экспортталады. 2022 жылдың 8 айында 67,8 мың тонна экспортталды.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қазақстан аумағындағы күріштің егіс алқабы 87,8 мың гектарды құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,4 мың гектарға аз.

Күріш алқаптары ысқаруының негізгі себебі - вегетациялық кезеңде қажет суармалы су тапшылығы мәселесі.

Айта кету керек, Үкімет күріш пен мақта дақылдарын азайту мәселесіне өте салмақты қарады, өйткені бұл мәселе әлеуметтік және экономикалық сипатқа ие.

Күріштің мелиорациялық дақылдың бір түрі екенін ескере отырып, инженерлік-дайындалған жерлердің қайталама тұздануына жол бермеу үшін, бұрын күріш өсірілген жерлерде ылғал сыйымдылығы аз және тұзға төзімді дақылдардың егістіктерінің үлесін арттырып, ғылыми негізделген ауыспалы егісті енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар