Қазақстан өңірдің және тұтас әлемнің әл-ауқатын қамтамасыз ету жайлы сындарлы идеялар мен көзқарастарды талқылауға әрқашан дайын - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Қазақстан өңірдің және тұтас әлемнің әл-ауқатын қамтамасыз ету жайлы сындарлы идеялар мен көзқарастарды талқылауға әрқашан дайын. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Құрметті Астана экономикалық форумына қатысушылар және біздің еліміздің қонақтары! Қонақжай қазақ жеріне бүгінгі форумға қатысу үшін баршаларыңыздың уақыт бөліп, біздің елді құрметтеп келгендеріңіз үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін. Астана экономикалық форумы сан түрлі мәселелерді талқылаудың және нақты шешімдер қарастырудың маңызды алаңына айналып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты жаһандық, халықаралық ұйымдармен қатар Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өклідері осы форумның тұрақты қонақтары болып келеді», - деді Елбасы.

ҚР Президенті биыл форум қатысушыларының қатарын Халықаралық валюта қоры, Боао экономикалық форумы сияқты ұйымдар мен әлемге танымал басылымдар толықтыра түскенін баса айтты. Форум жұмысына әлемге әйгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері, сонымен бірге әлемдік инвесторлар, Американың, Еуропаның, Азияның ірі корпорацияларының өкілдері де қатысып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан экономикалық және әлеуметтік даму туралы, өңірдегі және тұтас әлемнің әл-ауқатын қамтамасыз ету жайлы сындарлы идеяларды, көзқарастарды талқылауға әрқашан дайын. Биыл біз іргелі тақырып жаңа экономикалық нақты ахуалды талқылайтын боламыз. Жаңа нақты ахуалдың қандай болары бізге және біздің қазіргі таңда жасайтын таңдауларымыз бен әрекеттерімізге байланысты. Осы форумның аясында бұл күндері мен дүниежүзінің көптеген ғалымдарымен және саясаткерлерімен, экономистерімен кездестім. Қазақстандағы болып жатқан жағдайды, біздің ұстанымды шараларымызды қалай бағалайтындығын, қандай кеңес беретіндігін бөлістік. Ол біз үшін өте маңызды әрі пайдалы заттар еді. Ол үшін де ризашылығымды білдіремін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар