Қазақстан өңірлерінде теннистен халықаралық турнирлер өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан теннис федерациясы еліміздің аймақтарында халықаралық турнирлер өткізбек. Бұл туралы бүгін Астанада 2014 жылдың қорытындысы және 2015 жылғы мақсат-міндеттерге арналған есепті конференциядан кейінгі брифингте аталған федерацияның атқарушы директоры Диас Досқарев мәлім етті.
None
None

Бүгінде федерация 45 халықаралық, 48 республикалық және 98 жасөспірімдер турнирлерін өткізді.

«Біз Азия теннис федерациясы мен Халықаралық теннис федерациясы аясында кәсіби деңгейдегі, сондай-ақ жасөспірімдер турнирлерін өткізуді жалғастырамыз. Осы спорттық жарыстарды өткізудің ауқымын кеңейтпекпіз және осы шараларға өңірлерді қамтитын боламыз. Халықаралық турнирлер осыған дейін Өскемен мен Ақтөбеде өткенін білесіздер»,-деді атқарушы директор.

Бұдан бөлек Д. Досқараев ҚТФ тарапы бапкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратындығын атап өтті. Бұл бағытта арнайы бағдарламалар мен семинарлар ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар