Қазақстан өңірлерінде жол бойындағы медициналық-құтқару пункттері құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Медициналық апаттар орталығы" 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында жол бойындағы 40 медициналық-құтқару пунктін құрды, деп хабарлады strategy2050.kz.

Қазақстан өңірлерінде жол бойындағы медициналық-құтқару пункттері құрылды

ТЖ комитетінің хабарлауынша, жол бойындағы медициналық-құтқару пункттерін салу мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы бір жылға уақытынан бұрын аяқталды.

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғалары кезінде зардап жеккендерге жедел медициналық-құтқару көмектерін көрсету бойынша 7, Алматы облысы бойынша 6, Шығыс Қазақстанда 4, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола облыстары мен ОҚО-да 3 қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар Павлодар, Маңғыстау облыстарында 2, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 қызмет көрсетілген.

Осы уақыт аралығында жол бойы пункттері бригадалары 2 мыңнан астам рет оқиға орнына шығып, 7 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы арқылы мақсатты индикаторлар айқындалды: ЖКО кезінде қайтыс болғандар саны азайып, жедел көмек көрсету уақыты қысқарды.