Қазақстан Оңтүстік Африкада өткен халықаралық математика олимпиадасында үздік нәтижеге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында 3-14 шілде күндері өткен Халықаралық математика олимпиадасында жалпы есептік 23-орынға ие болды, деп хабарлайды vechastana.kz

Қазақстан Оңтүстік Африкада өткен халықаралық математика олимпиадасында үздік нәтижеге қол жеткізді

Аталмыш білім додасына 101 мемлекеттен (АҚШ, Германия, Болгария, Франция, Жапония, Қытай, Ресей, Бразилия, Канада, Румыния, Англия, Әзербайжан,Тәжікстан, Италия және тағы басқа) 612 мектеп оқушысы қатысқан болатын. Нәтижелерді салыстыратын болсақ, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 23-орынға табан тіреп, соңғы 4 жылда ең үздік жетістікке қол жеткізіп отыр. Жалпы ел қоржынына 6 медаль түсті. Оның ішінде, қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Қуандық Алтынханов қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Олимпиадаға 1998 жылдан бері қатысып келеді.