22:11, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн. баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррельді құрайды.