20:27, 30 Маусым 2022 | GMT +6
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жинына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.
Сурет: Alexander Klein/AFP/Getty Images