Қазақстан өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналды - Б. Имашев

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат -  Қазақстан өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналды, халықаралық қоғамдастықтың беделі мен сый-құрметіне ие болды.  Бұл туралы заңгерлердің І республикалық съезінде  ҚР Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.
None
None

Осы орайда министр еліміз кезекті жоғары белестерді өткерген сайын, жаңа қауіп-қатерлер бұрынғыдан гөрі сезіле бастағанын айтып өтті. Бұл өз кезегінде мазмұнды талқылауларды қажет етеді. Ведомство басшысының айтуынша,  конституциялық құқық және адам бостандығы тұрғысында тетіктерді бұдан әрі қарай жүзеге асыру үшін белгілі бір резерв ретінде бөлек мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру болып табылады.

«Осы бағытта Әділет министрлігі тарапынан елеулі жұмыстар атқарылды. Заңнамалық деңгейде адвокаттардың, жеке нотариустар мен сот орындаушыларының қызметінде бірқатар әкімшілік кедергілер алынып тасталды», - деді Б. Имашев.

Оның пайымдауынша, соңғы 20 жылда нотариаттың дамуы елімізде институтционалдық әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді айқындап отыр. «Бүгінде нотариат жаңа құқықтық жүйеде лайықты орнын тапқандығында барлық негіздер бар», - деп түйіндеді министр.

Соңғы жаңалықтар