Қазақстан - өркениетті елдермен терезесі тең, әлемдік сахнада өз орны бар ел - ҚР Мәдениет министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - өркениетті елдермен терезесі тең, әлемдік сахнада өз орны бар ел.
None
None

Бүгін ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ведомство басшысының айтуынша, халқымыздың ең басты мерекелерінің бірі - Әз Наурыз мейрамы. «Бұл мейрамның көптеген ерекшелігі бар. Ол сонау Түркі Қағанатынан бұрын келе жатқан ұлы мерекеміз», - дейді министр.

«Мен өз басым өте қуаныштымын, Қазақстан егемендік алғаннан бастап, Наурыз еліміздің бірінші мерекесі болып келе жатыр. Халқымызда осынау мейрамда тек көркеюді тілер едім. Қазақстандықтар бақытты халықпыз, өркениетті елдермен терезесі тең болып, қатарласып жүргенімізге, әлемдік сахнада өзіміздің орнымыз барына мақтанышпен айтамыз. Ол біріншіден, халқымыздың ізгі ниеті және ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында. Наурыз мерекесі құтты болсын! Барлығымызға тек қана жақсылық алып келсін!», - деп атап көрсетті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар