Қазақстан Орта Азияның экономикалық локомотиві боларлық әлеуетке ие

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның экономикалық жағынан бүкіл Орта Азияның локомотиві болып, жаңа «Азия жолбарысына» айналу мүмкіндігі бар.
None
None

Бұл жөнінде Астанада өткен «Перспектива - 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» арнайы зерттеу жұмыстарының таныстырылымында ресейлік «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының жетекшісі Екатерина Шипова мәлім етті.

«Егер посткеңестік кеңістіктегі үш жетекші экономиканы - Украина, Ресей және Қазақстанды салыстыратын болсақ, таңдау сөзсіз Қазақстанға түседі. Бұл ретте айту керек, Ресей КСРО құлағаннан кейін ең үлкен мемлекет болды, ал Украинаның Қазақстанмен салыстырғанда, сол кезеңдегі экономикасының даму жағдайы жақсы еді. Ал Қазақстан экономикалық жағдайы нашар елдердің қатарына болатын», - деді сарапшы. Оның айтуынша, 2006-2012 жылдардағы рейтинг көрсетіп отырғандай, бүгінде Қазақстанның өте жақсы мүмкіндіктері бар. «Қазақстанның бүкіл Орта Азия үшін локомотив болып, жаңа «Азия жолбарысына» айналуға әлеуеті жетеді, - деп толықтырды Екатерина Шипова.

Соңғы жаңалықтар