Қазақстан Орталық Азия елдерінің туристік операторлары тізілімін жасауды ұсынды

Қазақстан корейлік саяхатшылар үшін Орталық Азия елдерінің туристік операторлары тізілімін жасауды ұсынды. Мұндай ұсынысты «Орталық Азия – Корея Республикасы» 16-ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жасады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Ашхабадтан.

Туризм

«Орталық Азияның бай тарихы, әдемі табиғаты және корей туристерін қызықтыратын ерекше көрікті жерлері бар. Соңғы жылдары Қазақстан өзінің туристік секторын дамытуға 4 млрд доллардан астам инвестиция салды. Әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарының, қонақ үйлердің және көлік жүйесінің құрылысын қоса алғанда, 400-ден астам туристік нысан пайдалануға берілді. Осы саланың әлеуетін ашу мақсатында форум хатшылығына Орталық Азия елдеріне топтық сапарларды ұйымдастыру үшін туристік операторлар тізілімін құру мәселесін зерделеуді ұсынамыз», - деді Мұрат Нұртілеу.