Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретіндегі көшбасшылығын сақтап келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ 159,6 трлн теңгеге немесе шамамен 306 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстанға өңірдің жиынтық ЖІӨ-нің шамамен 54%-ы тиесілі.

Поврежденный государственный флаг заменят на горе госсимволов в Усть-Каменогорске
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев Астанада өткен National Think Tank Forum «Болашақ проекциясы: нәтижелерді пайымдаудан жаңа күн тәртібіне дейін» форумында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстан экономикасының нақты өсімі 21,3%-ды құрады. Бұл ретте экономика ауқымының ұлғаюы біртіндеп жүріп жатқан құрылымдық өзгерістермен қатар жүруде — өңдеу өнеркәсібінің, кәсіпкерліктің, инвестициялар мен ішкі нарықтың рөлі артып келеді.

2025 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 30,7 трлн теңгеге жетті. 2021 жылмен салыстырғанда аталған сектордағы өнеркәсіптік өндіріс индексі 23,4%-ға өсті.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішінде де оң динамика байқалады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 7,8 млн теңгені немесе 15 мың АҚШ долларынан астам соманы құрады. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш теңгемен есептегенде 77,2%-ға, ал долларлық мәнде 44,7%-ға өсті.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретіндегі көшбасшылығын сақтап келеді
Фото: ҚСЗИ

— Экономика ауқымының ұлғаюы біртіндеп жүріп жатқан құрылымдық өзгерістермен қатар жүруде — өңдеу өнеркәсібінің, кәсіпкерліктің, инвестициялар мен ішкі нарықтың рөлі артып келеді, — деп атап өтті ол.

Инвестициялық белсенділік экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі болып қала береді. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 23,5 триллион теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 53%-ға өскенін көрсетеді.

Мемлекеттің әр теңгесі АӨК-ке 7 теңге инвестиция тартты
Фото: АШМ

Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің орны нығайып келеді, бұл секторда 4,53 миллион адам жұмыспен қамтылған — бес жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 28,9%-ға өсті. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 40,9%-ға жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4% өскенін көрсетеді.

социальное предпринимательство бизнес гранты
Фото: Kazinform

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,18 млн-ға жетті.

Осылайша, соңғы жылдардағы экономикалық динамикасы тек ЖІӨ-нің өсуімен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының біртіндеп өзгеруімен, инвестициялық белсенділіктің артуымен және жеке кәсіпкерліктің рөлінің кеңеюімен сипатталады.

Осыған дейін Қазақстан мен Әзербайжан экономиканың жаңа моделін қалай қалыптастырып жатқанын жазған едік.