Қазақстан Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерін экспорттамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерін экспорттамақ. Бұл жайында Мәжіліс депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Телекоммуникациялық ғарыш аппараттарына қатысты «KazSat-2» пайдалану мерзімі 2024 жылдан 2026 жылға дейін ұзартылғанын, ал «KazSat-3» жұмыс істеу мерзімі 2029 жылы аяқталатынын атап өтеміз», - деді бірінші вице-премьер.
Депутаттық сауалған анықтама ретінде ұсынылған дерекке сәйкес, 2027-2029 жылдары аралығында мемлекеттің тіркелген спутниктік байланыс арналарына қажеттілігі «KazSat-3» спутнигімен қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте «KazSat-3» байланыс және хабар тарату спутнигін жоспарлы ауыстыру үшін «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру» жобасын жобалау алдындағы жұмыс 2024 жылы басталып, 2026 жылға қарай аяқталады.
«Қазіргі уақытта аталған спутниктер елдің спутниктік байланыс пен телехабар тарату қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Бұл ретте Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесінің қызметтерін экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Роман Скляр.