Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет болып табылады - Еуродақтағы Польша тұрақты өкілдігінің өкілі
ЮССЕЛЬ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет болып табылады, ол аймақтың өзге де елдеріне үлгі бола алуы керек. Мұндай пікірді Еуродақтағы Польша тұрақты өкілдігінің өкілі Цезарий Бардзински Еуропарламентте «Орталық Азиядағы ЕО стратегиясы және ҚР мен ЕО арасындағы тереңдетілген әріптестік туралы жаңа келісім» тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстел» отырысы барысында айтты.
ЕО Польша өкілдігінің өкілі атап өткендей, Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет болып табылады, сондықтан Еуродақ алдыңғылардың қатарында осы елге басты назар аудару қажет. «Біз еуропалық бастамаларды Қазақстаннан бастаймыз, содан кейін олар аймақтың басқа елдеріне таралады. Сондықтан да Қазақстан алдыңғы қатарлы әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қатысты келіссөздерді бастаған алғашқы ел болып отыр», - деді Ц.Бардзински.