«Қазақстан» орталық концерт залында «Жан жылуы» бағдарламасының 5 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақстан» ұлттық арнасының ұйымдастыруымен «Жан жылуы» бағдарламасының 5 жылдық мерейтойына арналған қайырымдылық концерті болды.
None
None

«Ұлыстың Ұлы күні Наурыз - адамдарды татуластыратын, қайырымдылық жасайтын, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін ұлық мереке. Осы мейрам қарсаңында «Жан жылуы» бағдарламасының 5 жылдық жұмысын қорытындылап, қайырымдылық концертін өткізуді жөн көрдік», - дейді ұйымдастырушылар.

Концерт барысында «Жан жылуы» бағдарламасы арқылы жандарына медеу тауып, қайырымды жандардың қамқорлығына ие болған жарымжан жандар туралы бейнекөріністер көрсетіліп, артынша сол адамдар сахнаға шығып, қайырымды жандарға жүрекжарды алғыстарын айтты.

Айта кетейік, «Жан жылуы» бағдарламасының көмегімен жетімдер үйінен 20 бала жаңа отбасын тапқан, 13 бала шетелде ем алып, баспанасы жоқ 8 отбасы жаңа үйдің кілтіне ие болған.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берген демеушілер, өнер жұлдыздары мен біреудің қайғысын өз қайғысындай қабырғасы қайыса бөлісетін мейірімді жандар қатысты.

Соңғы жаңалықтар