Қазақстан өз тарихында алғаш рет ұшақтарды шығаратын болады - Н.Назарбаев

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Астанада ұшақ шығаратын зауыт салынады. Осылайша, Қазақстан өз тарихында алғаш рет ұшақтарды шығаратын болады.

Қазақстан өз тарихында алғаш рет ұшақтарды шығаратын болады - Н.Назарбаев

 Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бүгін мен ЕС-145 тікұшақтарын құрастыратын және қызмет көрсететін «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытын аралап көрдім. Биыл ол жерде 8-10 тікұшақты құрастыру жоспарланып отыр. Осы зауыттың жанында тағы бір жаңа ғимарат салынады. Онда АН-2, АН-24 сияқты ұшақтардың заманауи үлгілерін шетелдік тәжірибенің негізінде шығару қажет. Осылайша, Қазақстан өз тарихында алғаш рет ұшақтарды шығаратын мемлекетке айналады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.