Қазақстан-Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастық форумы Көшбасшы өңірлер кеңесіне айналмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан-Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастық форумы Көшбасшы өңірлер кеңесіне айналмақ. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев айтты. 

Казахстан Узбекистан
Фото: Акорда

“Бүгін Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл формат мемлекет арасындағы қатынастардың ең жоғарғы көрінісі саналады және елдеріміз бен халықтарымыздың жақындығын, барлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға деген адалдығымыз бен батылдығымызды көрсетеді. Сондай-ақ, болашақта Парламенттеріміздің екі палатасының қатысуымен Парламентаралық форум құру мәселесін қарастырдық. Біз қарым-қатынастарымыздың тағы да бір жаңа институтын – Сыртқы істер министрлері кеңесін құру шешімін қабылдадық”, - деді Өзбекстан Президенті.

Оның атап өтуінше, сауда, өнеркәсіптік кооперациялар, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы, мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесі пысықталды.

“Ең маңызды бағыттардың бірі - өңіраралық ынтымақтастық бойынша басталған үлкен жұмысты одан әрі жаңдандыруға келістік. Ол үшін біз қолданыстағы аймақаралық ынтымақтастық форумы барлық өңіріміз қатысатын Көшбасшы өңірлер кеңесіне айналдыру бастамасын көтердік”, - деді Шавкат Мирзиёев.