Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Черняевка» өткізу бекеті 25 қарашада ашылады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақ-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы — Ғишт-Көпрік» шекара-кеден бекеті 2026 жылдың 25 қарашасында сағат 16:00-де жолаушылар тасымалы үшін қайта ашылады.
Бұл туралы Өзбекстан тарапынан елдің Кеден комитетінің баспасөз хатшысы Хусен Тангриев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Жолаушылар тасымалы басталар алдында Қазақстан мен Өзбекстанның ресми делегацияларының қатысуымен салтанатты ашылу рәсімін өткізу жоспарланған.
Еске сала кетейік, жұрт кейде «Черняевка» деп атайтын «Жібек жолы — Ғишт-Көпрік» шекара өткізу бекеті 2025 жылдың ақпан айында күрделі жөндеуге жабылған болатын.
Бастапқыда жұмыс төрт айда аяқталуы тиіс еді, бірақ жаңғырту дерлік екі жылға созылды. 2,7 гектар аумақты алып жатқан бекетте әрқайсысы 10 000 шаршы метр болатын екі жолаушы терминалы салынды.
Жаңғыртудан кейін бекет тәулігіне 70 000 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады. Қарбалас кезеңдерде бұл көрсеткіш 100 000-ға жетеді.