Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Өзбекстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына кірді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд доллар болды.

Қазақстан Өзбекстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына кірді
Фото: uzdaily.uz

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында республика әлемнің 195 елімен сауда-экономикалық байланыс орнатқан.

Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері қатарында Қытай 9,5 млрд доллар көрсеткішпен бірінші орынға шықса, Ресей 7 млрд доллармен екінші, Қазақстан 2,8 млрд доллармен үшінші орынға жайғасқан.

Сонымен қатар Өзбекстанның ең ірі он сауда серіктесінің қатарына Түркия (1,4 млрд доллар), Ауғанстан (1,1 млрд доллар), Оңтүстік Корея (940 млн доллар), Франция (890,9 млн доллар), Біріккен Араб Әмірліктері (807,7 млн доллар), Қырғызстан (624,6 млн доллар) және Германия (623,2 млн доллар) кірді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті екенін жазған едік.

Оның алдында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд доллардан асқанын хабарлағанбыз.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, алты айда елдің сыртқы сауда айналымы 41 млрд долларға теңеліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті. Қаңтар-маусымда көршілес мемлекет әлемнің 195 елімен сауда-саттық жасады.