Қазақстан өзінің демократия саласындағы ЕҚЫҰ қағидаларын ұстанатынын нақтылайды - Германия Федералдық үкіметінің мәлімдемесі

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Германияның Федералдық үкіметі қазақстандық Конституциялық кеңестің Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуға арналған референдум өткізу туралы Заңның ел Конституциясына сай еместігі туралы шешімін құптап отыр,
None
None

деп мәлімдеді кеше Германия Федералдық үкіметінің ресми өкілі Штефен Зайберт. Бұл туралы Германия Федералдық үкіметінің порталы хабарлады.

Федералдық үкімет сондай-ақ Президент Н.Назарбаевтың осы шешіммен келісіп, Конституцияда көрсетілгендей президенттік сайлауға қатысуға ниет білдіргенін де құп алып отыр.

Осы арқылы Қазақстан өзінің демократия мен тиімді мемлекеттік басқару саласындағы ЕҚЫҰ қағидаларын ұстанатынын нақтылайды. Федералды үкімет кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы хабардан да құлағдар, делінген ресми мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар