Қазақстан өзінің үлгі аларлық тұстарын көрсетті - ресейлік маман

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы орайда ресейлік маман елімізде құрылған Бағалаушылардың республикалық палатасын ерекше атап өтті. «Аталған ұйым бағалау қызметі саласындағы барлық мамандардың басын қосып қана қоймай, отандық бағалау қызметінің сапасын барынша көтеруді көздеп отыр. Әрине, біз бәріміз өз жұмысымызды үнемі жетілдіріп келеміз. Бірақ осы жолы Қазақстан өзінің үлгі аларлық тұстарын көрсетті. Сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен кездесіп, өзара тәжірибе алмасуды асыға күтеміз», - дейді Н.Трифонов.
Айта кетейік, ТМД бағалаушыларының қоғамдық бірлестігі 2001 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Қазақстан, Ресей, Украина, Беларус, Молдова және Қырғызстан кіреді. Ұйымның негізгі мақсаты - посткеңестік елдерде бірегей бағалау ережелерін сақтау.