Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы паделден Азия кубогына алғаш рет қатысып, қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы паделден Азия кубогына алғаш рет қатысып, қола медаль жеңіп алды. Жарыс 7-14 қараша аралығында Джакартада (Индонезия) өтті. Ұлдар арасындағы бәсекеге 17 құрама қатысты.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш рет 2024 жылы Бахрейнде өткен турнирге Қазақстан биыл дебют жасап, бірден үздік үштікке енді.
Отандастарымыз Қатар, БАӘ, Малайзия, Оман және Ливан құрамаларын жеңіп, тек финалистер Иран мен Кувейтке есе жіберді. Қола жүлде үшін кездесуде Сауд Арабиясын 2:1 есебімен ұтты!
Қорытынды нәтижелер:
Иран
Кувейт
Қазақстан
Қазақстан құрамасы:
U14: Әлібек Дүйсенғазин, Ибрагим Рахматуллин.
U16: Арнұр Тұрсынхан, Ислам Дүйсенғазин.
U18: Дамир Дүйсенғазин, Таир Қайретдинов.
-Бұл тарихи жетістік - спортшыларымыздың табанды еңбегі мен командалық рухының жемісі әрі қазақстандық падел үшін маңызды белес. Жасөспірім спортшыларымызды, бапкерлер Тимур Хабибулинді, Әділ Елтаевты, Әлішер Сағыновты және барша падел қауымдастығын құттықтаймыз! Қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамыз!,-делінген хабарламада.