Қазақстан Палестина Мемлекеті Елшілігінің мұқтаждықтарын өтеуге бағытталған келісімді қабылдады
АНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекеті Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Аталған келісімнің мақсаты - екі ел арасындағы дәстүрлі достастық қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ Палестина Мемлекеті Елшілігінің елімізде болуына және жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Соған орай Қазақстан тарабы Астана қаласында орналасқан офистік үй-жайды және оның іргелес аумақтарын Палестина Мемлекетінің елшілігіне 3 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді.
Сондай-ақ, келісімге сәйкес аталған үй-жай елімізде алынатын салықтар мен алымдардың барлық түрлерінен босатылады. «Келісім Палестина тарапының мұқтаждықтарын өтеу және өтініштерін қанағаттандыру үшін жасалған. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Палестина арасындағы қалыптасқан дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі жетілдіреді. Сонымен қатар келесі жылы еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық тізгінін алар тұста, палестиналықтарға қолдау көрсетудің маңызы да ерекш», деді заң бойынша баяндаған сенатор Әділ Ахметов.
Келісім 2010 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында жасалған.