Қазақстан Паралимпиадалық құрамасы IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарының екінші күнінде 11 медаль иеленді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Голландияның Стадсканаал қаласында өтіп жатқан IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарының екінші күнінде Қазақстан паралимпиадалық құрамасы 11 медальға қол жеткізді.

Қазақстан Паралимпиадалық құрамасы IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарының екінші күнінде 11 медаль иеленді

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз хабарламасында айтылды.

Алтын алғандар: Михаил Еременко (жүзу, 50 м., баттерфляй), Руслан Өтебалиев (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Владимир Эрман (жүзу, 100 м., еркін стиль), Оксана Митякова (жүзу, 50 м., баттерфляй).

Әлемдік рейтингіде үздік сегіздіктің қатарына кіретін Зульфия Ғабидуллина тағы да екі алтын медальды жеңіп алды (жүзу: 150 м., кешенді жүзу; 100 м., еркін стиль).

Алина Михайлова (жүзу, 100 м., еркін стиль) екінші күміс медалін алса, ал Дмитрий Ли (жүзу, 100 м., еркін стиль) мен Михаил Еременко (жүзу, 100 м., арқада) күміс медальға қол жеткізді.

Қола медаль Алина Михайлова (жүзу, 100 м., арқамен жүзу) мен Аманат Қалқаевқа (ұзындыққа секіру) бұйырды.

Жарысқа 35 елден 500-ге жуық спортшы қатысуда. Қазақстаннан спорттың үш түрі бойынша 16 адам қатысып (1 - садақпен ату, 6 - жеңіл атлетика, 9 - жүзу) отырғандығын естеріңізге саламыз.

Жарыстың бірінші күні қазақстандық паралимпиадалықтар қоржынға 10 медаль салған болатын: 5 алтын, 2 күміс және 3 қола. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрамасы жалпы саны 21 медальға қол жеткізді - бұл еліміздің паралимпиадалық спорт тарихындағы рекордтық меже.

Қазақстандық команданың қатысуы Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастырушылық қолдауы арқасында өтуде, демеуші "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады.