Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат. Шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды
Фото: пресс-служба Дирекции развития спорта МКС РК

Qazsport телеарнасының мәліметінше, Қазақстан құрамасы 1 аптаға созылған Азия біріншілігінде 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды.

Әзірге ең көп лицензияны алған ТОП-5 мемлекет:

1. Франция – 366

2. АҚШ – 131

3. Ұлыбритания – 64

4-5. Аустралия – 45

4-5. Жапония – 45