15:44, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстан Парламенті Сенатының Твиттердегі парақшасы ашылды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ғаламторда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қазақ және орыс тілдеріндегі Твиттер-арналары қосылды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Твиттер арқылы Сенат Баспасөз қызметі жазылушыларды Парламент жоғарғы палатасының күнделікті қызметі жайында хабардар етеді. Тиісті жаңалықтар, баспасөз релиздері мен жарияланымдарға сілтемелерді орналастыратын болады.
Твиттер-арналарының мекен-жайы:
Қазақ тілінде - https://twitter.com/KazakhSenate_K .
Орыс тілінде - https://twitter.com/KazakhSenate_R .