Қазақстан парламентшілері НАТО Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты

Ставангер (Норвегия Корольдігі) қаласында үш күн бойы өткен отырысқа НАТО-ға мүше 28 елдің 300-ден астам парламентшілері - серіктес елдердің делегаттары мен бақылаушылары халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, Украинадағы жағдайға, Ресеймен қарым-қатынасқа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы дағдарыс пен босқындар мәселесі және терроризм қаупінің ұлғайғандығына назар аударды.
«НАТО ПА депутаттары сессия жұмысында Ассамблеяның барлық бес Комитеттерінің баяндамаларын тыңдады және Альянс қызметінің өзекті бағыттары бойынша сегіз резолюция қабылдады. Жыл сайынғы сессия шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Саясат Комитетінің, Қауіпсіздікке азаматтық өлшем бойынша Комитетінің, Экономика мен қауіпсіздік бойынша Комитетінің және Ассамблеяның пленарлық отырысына қатысты. Парламенттік форум аясында қазақстандық делегация НАТО ПА Төрағасы М.Тернермен кездесіп, Альянстың Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытудың маңызында ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері жатқанын атап өтті», делінген баспасөз баянында.