Қазақстан парламентшілері - Санкт-Петербургте

СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеялары және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) шеңберінде өтіп жатқан маңызды басқосуларға қатысуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Таврия сарайында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған халықаралық парламенттік конференция өз жұмысын бастады. Онда Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйледі.

ТМД ПАА-ның Кеңесі 2010 жылы 28 қазан күні Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне арналған халықаралық парламенттік конференция өткізу туралы қаулы қабылдады. Бұл шараның негізгі ұйымдастырушылары - ТМД ПАА мен ҚР Парламентінің Мәжілісі.

Осы күні, сәуірдің 7-сінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы еңбегі үшін ТМД ПАА-ның Бас хатшысы Михаил Кротовқа екінші дәрежелі «Достық» орденін салтанатты жағдайда табыс етті.

ТМД ПАА-ның Кеңесінің «Содружество» орденімен Мәжіліс депутаттары Сатыбалды Ибрагимов, Гүлжан Қарағұсова, Владимир Нехорошев, Кенжеғали Сағадиев, Ұзаққали Елеубаев және сенатор Ғани Қасымов марапатталды.

ТМД ПАА-ның Кеңесінің Құрмет грамотасына Мәжіліс депутаттары Бекен Әлімжанов, Берік Бекжанов, Қылышбай Бисенов, Рамазан Сәрпеков, сенатор Төлеген Мұхамеджанов, сондай-ақ Мәжіліс Апаратының мемлекеттік қызметшілері Ботагөз Ботабаева, Арай Оразов, Айбатыр Сейтақ ие болды.

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Мәжіліс депутаттары Гүлнәр Сейітмағанбетова, Виктор Рогалев, Рауан Шаекин, сенаторлар Жақай Нұрғалиев, Жансейіт Сәрсенқұлов пен Мәжіліс Аппаратының мемлекеттік қызметшілері Индира Мамашева, Жігіткер Байтелесов және Сенат Аппаратынан Ақмарал Сырғабаевалар марапаттталды.

ТМД ПАА-ның отыз төртінші жалпы отырысының 7 сәуір күнгі бағдарламасында - салтанатты жағдайда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған көрмесі ашылады. Сондай-ақ, сол күні Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің таныстырылымы өтеді.

Сәрсенбі күні ТМД ПАА-ның бірқатар тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

8 сәуірде Пискарев мемориалдық зиратына гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсімі жасалады.

Бейсенбі күні «Еуропалық қауіпсіздіктің келешегі» (Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп) атты халықаралық парламенттік конференциясының жалпы отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар