Қазақстан педагогтары білім берудегі тың әдістерді талқыға салды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда, Астана, Шымкент және Алматы қалаларының педагогтары білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады. 

Қазақстан педагогтары білім берудегі тың әдістерді талқыға салды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі мектепке сілтеме жасап хабарлады.

null

Аймақтағы  инновациялық мектептерге тәжірибе тарату мақсатында Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтық форум өтті. ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы мен Қызылорда облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес ұйымдастырылды. Тақырыбы - «Жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдары: мектептегі Асtion Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары».

null  

Секциялық практикум, семинар және шеберлік-сыныптар түрінде ұйымдастырылған форум барысында жаңа тәсілдердің тиімділігі және оны мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда қолдану туралы кеңінен айтылды. 
Іс-шара жұмысына қатысқан Шымкент, Астана, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен облыстағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектептер өкілдері, Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Зерттеу департаментінің, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандары оқушылардың білім сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

null