Қазақстан Pfizer вакцинасын тасымалдау үшін 34 тоңазытқыш сатып алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Pfizer вакцинасын тасымалдау үшін 34 тоңазытқыш сатып алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері «Pfizer вакцинасы ұзақ уақыт сақталу үшін оны -70 градуста тасымалдау қажет. Қазақстан вакцинаны тасымалдау және сақтау мәселесін қалай шешуде?» деп сауал жолдаған еді.
Осы сұраққа жауап берген вице-министр бұл аталған вакцинаға қойылатын басты талап екендігін айтады.
«Сондықтан тоңазытқышпен барлық өңірлерді вакцинамен бірге қамтамасыз етеміз. 34 тоңазытқыш сатып алу туралы шешім қабылданды», - деді Ажар Ғиният.