Қазақстан полицейі Қытайдағы жекпе-жекте қарсыласын 13 секундта нокаутқа жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Бейжің қаласында өткен NAIZA Diamond Fight Night халықаралық турнирінде Атырау облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Елдар Отаралы 61 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
Жекпе-жекте атыраулық спортшы қарсыласына айқын басымдық танытып, кездесуді бірінші раундтың небәрі 13-секундында нокаутпен аяқтады.
Осылайша Елдар Отаралы халықаралық аренада шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, ел намысын абыроймен қорғады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) 2026 жылдың 19 қыркүйегінде АҚШ-тың Сан-Диего қаласында (Калифорния штаты) өтетін бокс кешінде орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығатынын жазған едік.