Қазақстан полицейлері унифайттан әлем чемпионатында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Мерсин қаласында өткен унифайттан әлем чемпионатында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстан полицейлері унифайттан әлем чемпионатында топ жарды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, әлемдік додаға 36 елден 378 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жетісу облысы ПД қызметкерлері Мақсат Оңалбаев пен Мәди Досмұхаметов +95 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Бұл жеңіс – полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, халықаралық спорт аренасында да ел намысын лайықты қорғай алатынының айқын дәлелі.

Оралда 4 жасар баланы құтқарып қалған полицейлер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын жазған едік.