ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ: 15 тур қорытындысы
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 15 тур ойындары аяқталды. «Астана» өз алаңында «Шахтер» клубымен ойнаса, «Ордабасы» командасы сырт алаңда «Тараз» клубының ойыншыларымен өзара оңтүстік дербиде кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды «Аламан».
ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ.15 тур.
«ТАРАЗ» - «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) 0:1 (0:0).
Тараз қаласы, Орталық алаң. Төреші: Асхат Абданбаев.
Голдар:Юнузович 84 (0:1)
Сары қағаз алды:Нұрғалиев 22, Бабатунде 53.
«ТАРАЗ»:
Қақпашы: Андрей Цветков.
Қорғаушылар: Берік Айтбаев, Дмитрий Евстигнеев, Вукасин Томич, Андрей Шабаев.
Жартылай қорғаушылар: Абдуллай Диакате, Жақып Қожамберді 79 (Әділет Құдайберген), Николай Нестеренко, Эдуард Сергиенко 71 (Эссомба).
Шабуылшылар: Мирослав Лечич 27 (Заречный), Обиора Одита
Бас бапкері: Арнольд ПАЙПЕРС.
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент):
Қақпашы: Самат Отарбаев.
Қорғаушылар: Талғат Адырбеков, Пірәлі Әлиев, Мохамед Арури.
Жартылай қорғаушылар: Қайрат Әшірбеков 70 (Фархадбек Ырысметов), Коллинс Бабатунде, Бекзат Бейсенов, Андрей Карпович, Евгений Левин, Азат Нұрғалиев 78 (Ғафуржан Сүйімбаев).
Шабуылшы: Эдин Юнузович.
Бас бапкер: Виктор ПАСУЛЬКО.
Оңтүстік дерби. «Тараз» клубы мен «Ордабасы» командасы арасындағы кездесу. Қос ұжымның құрамында біршама өзгерістер бар. Алғашқы минуттан бастап «Тараз» ойыншылары белсенді қимылдады. Бастапқыда бірін-бірі дұрыс ұғыныса алмай жүрген «Ордабасы» клубының футболшылары минуттар салып шабуылға кірісті. Нұрғалиев алаңда еркін ойқастап, Бабатунде, Әшірбековтер ерекше белсенді қимылдады.
Ойынның үздігі сөзсіз Отарбаев. Самат талай допты қақпаға дарытпады. Аман алып, қақпасын голдан құтқарды. Көптеген шабуылдарды тойтарып тастады. Одитамен қайта-қайта жолыққан Отарбаев әр тепкен добын ұстап, қақпадан асырып гол салуына мүмкіндік бермеді.
Келесі таймда мақтаулы Отарбаев үлкен қателікке бой алдырды. Карпович қақпа алдындағы допты алып шықты. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда «Ордабасы» клубында алғашқы ойынын өткізіп жатқан Юнузович гол салып, шымкенттік клубтың жанкүйерлерін бір серпілтіп тастады. Жаңа ойыншының салған жалғыз голы «Ордабасыға» жеңіс алып келді. Ал «Тараз» ойыншыларының жағдайы күннен-күнге қиындап бара жатқан сияқты. Отарбаевтың екінші ойыны сәтті аяқталды. Қақпасы голдан аман. Бұл жас қақпашы үшін керемет нәтиже. «Тараз» және «Ордабасы» арасындағы ойын 0:1 есебімен аяқталып, шымкенттік жанкүйерлердің жүзіне қуаныш келді.
«АСТАНА» - «ШАХТЕР» (Қарағанды) 1:0 (0:0).
Астана қаласы. «Астана Арена». Төреші: Тимур Құмашев
Голдар:Ивановски 82 (1:0).
Сары қағаз алды:Шахметов 19, Симчевич 50, Кояшевич 56, Цыгырлаш 60,
«АСТАНА»:
Қақпашы:Ненад Эрич.
Қорғаушылар:Абзал Бейсебеков, Зелао, Александр Киров 23 (Евгений Горячий), Қайрат Нұрдәулетов.
Жартылай қорғаушылар:Ұлан Қонысбаев 84 (Кирилл Пасичник), Валерий Коробкин, Дамир Кояшевич, Игорь Цыгырлаш 66 (Исламбек Қуат), Марат Шахметов.
Шабуылшы:Филип Ивановски.
Бас бапкер: Мирослав БЕРАНЕК.
«ШАХТЕР» (Қарағанды):
Қақпашы:Александр Мокин.
Қорғаушылар:Никола Василевич, Алдин Джидич, Андрей Порываев, Александр Симчевич.
Жартылай қорғаушылар:Мақсат Байжанов 79 (Евгений Тарасов), Роджер Каньяс
Шабуылшылар:Тоқтар Жаңғылышбай 68 (Станислав Лунин), Дәуренбек Тәжімбетов 59 (Игорь Зенькович), Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко.
Бас бапкер: Виктор КУМЫКОВ.
Он бесінші турдың орталық ойыны. Үздіктен дәмелі қос клуб. «Астана» және ел чемпионы «Шахтер» арасындағы ойын. Алғашқы таймда көптеген шабуылдар ұйымдастырылды, бірақ нәтиже болмады. Біраз үзілістен кейін алаңға қайта шыққан ойыншылар қақпаға гол салу үшін жандарын салды.
Ойында салынған голды тек сексен екінші минутта көрдік. Бейсебековтың пасымен Ивановски гол салып, кездесудегі бірінші голдың авторы болды. Остапенконың жоқтығын жақсы пайдаланып жүрген Ивановски тағы бір мәрте көзге түсті.
«Астана» өз алаңында «Шахтер» командасының осал тұсын тапты. Кестедегі көрсеткіштеріне ұпай қосып, тәуір орынға қол жеткізді.
«ЕРТІС» (Павлодар) - «АҚЖАЙЫҚ» (Орал) 3:1 (2:0).
Павлодар қаласы, Орталық алаң. Төреші: Денис Измайлов
Голдар:Юрин 10 (1:0), Бегалин 43 (2:0), Шомко 71 (3:0), Саджо 80 (3:1).
Сары қағаз алды:Забродин 38.
«ЕРТІС» (Павлодар):
Қақпашы: Вячеслав Котляр.
Қорғаушылар: Штепан Кучер, Владислав Чернышов, Антон Чичулин, Дмитрий Шомко.
Жартылай қорғаушылар: Сергей Иванов, Александр Кульчий 60 (Алмир Мұхитдинов), Тимур Халмұратов, Павел Шабалин 72 (Струков)
Шабуылшылар: Қуаныш Бегалин 69 (Алтынбек Дәулетханов), Игорь Юрин
Бас бапкері: Талғат БАЙСУФИНОВ.
«АҚЖАЙЫҚ» (Орал):
Қақпашы: Роман Бағаутдинов
Қорғаушылар: Михаил Любимкин, Бауыржан Омаров, Владимир Покатилов, Якуб Хлебоун
Жартылай қорғаушылар: Николай Забродин, Константин Зотов, Евгений Коструб, Павел Черны 72 (Хаман Саджо), Сергей Шевцов 60 (Руслан Хайров)
Шабуылшы: Алексей Мальцев 72 (Елдар Әбдірахманов).
Бас бапкері: Погос ГАЛСТЯН.
«Ертіс» клубының ойыншылары ойынның басынан-ақ өз үстемдіктерін жүргізді. Өз алаңдарында, өз жанкүйерлерін қуантумен болды. Қауіпті шабуылдар, керемет ұйымдастырылған ойын, алыстан бағытталған соққылармен, ойлы пастар бәрі-бәрін көрдік. «Ақжайық» клубы алғашқы таймда қақпаларына екі гол өткізіп алды. Юрин оныншы минутта, Қуаныш Бегалин қырық үшінші минутта гол салып «Ертіс» командасына жеңістің алғашқы дәмін татырған еді. «Ақжайық» анда-санда шабуылға бір шыққаны болмаса, «Ертіс» командасының ойыншылары еш мүмкіндік бермеді.
Келесі таймда «Ақжайық» үшінші голды қақпасына жіберіп алды. Оралдық клубтың ойыншылары тек соңғы минуттарда есепті қысқарта алды.
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған) - «АҚТӨБЕ» 0:0 (0:0).
Талдықорған қаласы. «Жетісу» алаңы. Төреші: Игорь Хисамутдинов.
Сары қағаз алды:Жалович 14,
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған):
Қақпашы:Антон Цирин
Қорғаушылар:Дамир Дәуітов, Марко Жалович, Арунас Климавичус, Дәуренжан Ергашев, Руслан Есатов.
Жартылай қорғаушылар:Евгений Аверченко, Шавкат Саломов, Сергей Скорых, Абылайхан Тотай.
Шабуылшы:Иван Перич
Бас бапкері: Омари ТЕТРАДЗЕ.
«АҚТӨБЕ»:
Қақпашы: Андрей Сидельников
Қорғаушылар: Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Дмитрий Мирошниченко, Алексей Мулдаров, Роберт Примус.
Жартылай қорғаушылар: Сергей Ковальчук, Асхат Тағыберген, Марат Хайруллин, Андрей Харабара.
Шабуылшы: Сергей Гридин.
Бас бапкері: Владимир НИКИТЕНКО.
«ТОБЫЛ» (Қостанай) - «ҚАЙРАТ» (Алматы) 2:3 (1:2).
Қостанай қаласы, Орталық алаң. Төреші: Марат Искаков
Голдар: Сиссей 21 (0:1), Көкеев 25 (0:2), Тонев 44 (1:2),Кнежевич 74 минутта пенальти арқылы (1:3), Бугаев 79 (2:3)
Сары қағаз алды:Нұрғалиев 85, Кнежевич 85
«ТОБЫЛ» (Қостанай):
Қақпашы: Алмат Бекбаев
Қорғаушылар: Де Соуза, Никола Тонев 73 (Мансұр Куртиши).
Жартылай қорғаушылар: Бейбіт Әбішев 46 (Бауыржан Байтана), Александр Андреев, Виталий Волков, Нұрбол Жұмасқалиев, Огнен Красич, Ермек Нұрғалиев, Ненад Шливич.
Шабуылшы: Игорь Бугаев.
Бас бапкері: Сергей МАСЛЕНОВ.
«ҚАЙРАТ» (Алматы):
Қақпашы: Даниил Рихард
Қорғаушылар: Марк Гурман 71 (Кирилл Шестаков), Сергей Кейлер, Александр Кислицын, Любомир Михалик
Жартылай қорғаушылар: Стюарт Дафф, Йосип Кнежевич, Жамбыл Көкеев 81 (Даниэль Аддо), Руслан Сақалбаев 61 (Тимур Байжанов), Самат Сымақов.
Шабуылшы: Момоду Сиссей.
Бас бапкері: Владимир ВАЙСС.
«АТЫРАУ» - «ВОСТОК» (Өскемен) 2:0
Голдар: Ненад Нияц 32 (1:0), Ненад Нияц 54 (2:0),
«Атырау» клубының қатарына қосылағын Ненад Нияц Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы голын салды. Бүгінгі турымыз жаңа ойыншылардың туры болды. Клубқа келгендеріне аз уақыт болғанына қарамастан жарқырап шығып жатыр. Гол салып жаңа клубтарының мерейін үстем етті. Екі таймда екі гол салған су жаңа ойыншы Нияц «Атырау» клубының есебін арттырып, кестедегі жағдайын жақсартты. Ал «Восток» командасындының өткен турлардағыдай ерлік көрсетер мінезі болмады.