Қазақстан Премьер-Лигасы 6-шы турының қорытынды ойындары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Лигасы 6-шы турының аясындағы кездесулер барысында «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобыл» футбол командасынан сәл ғана басымдықпен жеңіске жетсе, көкшетаулық «Оқжетпес» қарағандылық «Шахтер» командасына қонаққа барып, мерейі үстем болды.
Ал павлодарлық «Ертіс» болса «Ақтөбемен» тең ойнады, деп жазады sports.kz.
Премьер-Лига
6-шы тур, 17 сәуір
«Ордабасы» - «Қайрат» 1:0 (0:0)
Гол: Касалица 54 (1:0)
Бұл турдағы ең қызықты кездесулердің бірі Шымкентте өтуі тиіс сияқты еді. Алайда, алғашқы таймда командалар жанкүйер күткен қызықты сәттерді көрсете алмады. Кездесудің алғашқы көлігінде бір-бірінің қақпасына төнген қауіпті сәттер болмады десек те артық емес. 15 минуттық үзілістен кейін жасыл алаңға қайда шыққан командалардың бойынан жеңіске деген ұмтылыстың лебі білінгендей. Соған сай көрерменнің көңілінен шыққан қызықты сәттер де өрбіді. Ұрымтал тұста допқа иелік еткен ордабасылық Филип Касалица «Қайрат» қақпашысы Владимир Плотниковпен бетпе-бет келіп, өз мүмкіншілігін жібермеді. Айта кетерлігі, алматылықтардың сапында бұл жолы түрлі себептермен Бруно Соарес, Бауыржан Исламхан және Жерара Гоу ойнаған жоқ.
«Шахтер» - «Оқжетпес» 0:1 (0:1)
Гол: Чижов 31 (0:1)
Көкшетаулық «Оқжетпес» командасы жеңісті жолын сенімді жалғастыру үстінде. Бұл жолы олар Теміртауда өткен кездесуде Қарағандының «Шахтерін» сүріндірді. Ойын барысындағы Александр Чижоктың соққан жалғыз голы көкшетаулықтардың үш ұпай еншілеуіне мүмкіндік беріп отыр.
«Астана» - «Тобол» 1:0 (1:0)
Гол: Аруна 32 (1:0)
Ал елорданың «Астана» командасы қостанайлық «Тобылмен» кездесінде Аруна Луманның 32-ші минутта соққан голының есебінен алға шықты.
«Жетісу» - «Тараз» 2:1 (0:0)
Голдар: Савич 47 (1:0), Симоновски 58 (2:0), Мане 65 (2:1)
Бұл ойында талдықорғандық «Жетісу» командасы осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Атырау» - «Акжайык» 2:0 (2:0)
Гол: Шабалин 3 (1:0), Трытко 19 (2:0)
Әупірімдеп жүріп «Атырау» да өзінің үш ұпайына қол жеткізді. Бірден айта кетерлігі, атыраулықтар үшін Оралдың «Ақжайығына» қарсы ойнау оңайға соға қойған жоқ. Алайда, ойын тағдырын бірінші таймның 3-ші минутында Шабалин, одан кейін 19-шы минутта Трытко соққан доп шешіп қойған еді.
«Ақтөбе» - «Ертіс» 1:1 (0:1)
Гол: Гогуа пенальтиден 22 (0:1), Смақов пенальтиден 86 (1:1)
Өз алаңында павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдаған «Ақтөбенің» айы оңынан тумады. Тартысы өткен кездесу барысында екі команда да айып добын соғу арқылы ғана нәтиже көрсетті. Айта кетерлігі, павлодарлық келесі турда «Астана» командасын қабылдайтын болады.