Қазақстан Премьер-Министрі Мюнхендегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Германия халқына Мюнхен қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлады pm.kz.
«Мюнхендегі қайғылы оқиғаға орай, ГФР канцлері А.Меркельге және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын», деп жазды К.Мәсімов өзінің Твиттердегі парақшасында.