Қазақстан Премьері Елбасының ұлықтау рәсіміндегі сөзі еліміздің тағдыры үшін маңызды болады деп санайды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі ұлықтау рәсімінде сөйлейтін сөзі еліміздің тағдыры үшін маңызды болады деп санайды.

Қазақстан  Премьері   Елбасының    ұлықтау   рәсіміндегі сөзі   еліміздің тағдыры үшін   маңызды   болады   деп   санайды

Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі өзінің микроблогында жазды. «Ел Президенті бүгін ұлықтау рәсімінде сөз сөйлейді. Менің ойымша, ол еліміздің тағдыры үшін маңызды сөз болады», - дейді премьер.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасыны ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар, шет мемлекеттердің елшілері қатысады.