Қазақстан Президенті «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуына барды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті - Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көктал» оқу полигонының негізгі нысанын аралап, «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маневрлерге барлығы 800 әскери қызметші мен 2 000 қару және әскери техникасы жұмылдырылды.

Мемлекет басшысы полигонға келіп, командалық бекетке барды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету нысаны мен Пилотсыз ұшатын құрылғыны (ПҰҚ) басқару бекетін қарап шықты. Президентке «Айбалта-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуының міндеттері мен негізгі кезеңдері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы - ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысы әскери қызметшілермен кездесіп, оқу-жаттығуды табысты аяқтауларымен құттықтады және Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сәттілік тіледі. Кейін Мемлекет басшысы алаңда тігілген лагерьге кіріп, «сарбаздардың ботқасынан» дәм ауыз тиді және жауынгерлермен әңгімелесті.

Соңғы жаңалықтар