Қазақстан Президенті бүгін Түркияға барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті бүгін Түркияға барады

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары болады, оның аясында Анкарада Қазақстан Президентінің Түркия Президенті Р.Ердоғанмен екіжақты кездесуі, сондай-ақ кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді», делінген хабарламада.